Previous Page  154 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 168 Next Page
Page Background

154

Ораза – теңдессіз құлшылық

сенен кейінгілер менен құтыла алмайды, қайткенде де

құрығыма ілінеді», – деп кетті

», – деп түсіндірді.

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) осыны айтып:

– Осы суық суды ішем деп мен де дүниеге құмартқан

жоқпын ба, – деп жыладым, – деді.

Ыстықтағы ораза

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина

арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бір бұлақтың

басында тынығуды жөн көрді.

Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға

қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе,

шақырыңдар, астан ауыз тисін», – деді. Нөкерлер үстіне

ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан

жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған: «Кел, бірге тамақтанайық», – деді.

Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж

себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық дастархан

күтіп тұр», – деп жауап берді.

– Ол қандай дастархан? – дегенде:

– Алла тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен

ауыз бекіткен жанмын, – деді.

Хажжаж: «Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп

ауыз бекітіп жүрсің?», – деп таңырқағанда, ол:

– Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы

ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берді. 

«Тағылым тамшылары» кітабынан