Previous Page  153 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 168 Next Page
Page Background

153

Ораза жайлы діни әңгімелер

ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға

айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу

құсып тастасын, – деді.

 Әлгі кісі мұны қыздарына айна-қатесіз жеткізді.

Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-

кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды

пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

білдіргенде, ол:

– Құдіреті күшті Алла тағалаға ант етейін, егер

олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта

күйдіретін от асаған болар еді, – деді. 

Иә, тек қарынға ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа

да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза

болмақ.

Дүние

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ми қайнаған жаздың күні

ораза ұстады. Кешкісін ауызашарда дастарханда бар

болғаны бір тостаған су тұрды. Суық суды енді ауызға

ала береӘбу Бәкір (р.а.) әлдене есіне түскендей еңкілдеп

жылап жіберді. Өз-өзіне келгенде, қасындағылар одан

неліктен жылағанын сұрады. Әбу Бәкір (р.а.) былай деп

жауап берді:

– Бір күні пайғамбарымызбен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

отырғанда, ол қолымен бір нәрсені кері итергендей то-

сын қимыл көрсетті. Жақындамақшы болған біреуді

өзіне жақындатқысы келмегендей әсер берді. Сәлден

кейін мен: «Уа, Алланың елшісі, жаңа қолыңызбен бір

нәрсені кері итеріп жаттыңыз?», – деп әлгі қимылының

мәнін білмек болдым.

Сонда ол: «

Дүние қызылды-жасылды күйінде таяп

келіп, өзін қабылдатқысы келді. Мен оны қасымнан

қудым. Ол «Ант етейін, сен менен қашып құтылсаң да,