Previous Page  149 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 168 Next Page
Page Background

149

Ораза жайлы діни әңгімелер

Қойшы мен алма ағашы

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға

жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының

түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл бол-

са, алма ағашымен тілдесіп: - Қане, балам, қарттың

алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі

тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма

жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен

әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала

келген торсығындағы айранымен қоса  сәл  жүрек 

жалғағаннан кейін әкесінен қалған Құранын баппен

қолға  алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл

алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған

кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын

шайған дәрет суының қалғанын да ырымдап соның

түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты

тиді ме, әйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып,

аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы

қарт ол кезде жас болғандықтан қай әдемі алмаға көзі

түспесін, кішкене ғана ұмсынып қол созғаны жетіп

жатыр еді. Алайда, одан бергі қаншама жыл ішінде

қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының

болса, керісінше бойы барынша биіктеп, шынар

ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы

қанша жайқалып өскенімен мәпелеп өсірген баланың

аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт  ағаш