145
Оразаның түрлері
ٍ يَوْمُ عَرَفَةَ وَ يَوْمُ النّحْرِ وَ أَيّامُ التّشْرِيقِ عِيدُنَا أَهْلِ الِْسْالَمِ، وَ هِيَ أَيّامُ
أَكْلٍ وَ شُرْب
«Арафа, Құрбан айт және ташриқ күндері –
мұсылмандардың мейрамы. Бұл – ішіп-жеу күндері»
186
–
деген. Осыған қатысты Әбу Сәид әл-Худридан риуаят
етілген:
«Аллаһтың елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
рамазан
мен құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салды»
187
деген хадис бар.
ә) Күмәнді күні ораза ұстау
Күмәнді (шәк) күні – шағбан айының отызына дөп
келген күн. Ол күні аспан бұлтты болғандықтан, рама-
зан айы ма, әлде шағбан айы ма деп күмәнданса, оны
күмәнді күн деп атайды. Ал егер аспан ашық болып, ай
көрінбесе, ол күмәнді күнге жатпайды. Пайғамбарымыз
осы күні ораза ұстауға тыйым салған. Бұл күні ораза
ұстау мәкрүһ. Аммар ибн Ясирдің айтуы бойынша,
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
ِ مَنْ صَامَ الْيَوْمَ الّذِي
يَشُكّ فِيهِ فَقَدْ عَصَى أَبَا الْقَاسِم
«Кімде-кім күмәнді күні ораза
ұстаса, Әбул-Қасымға (Аллаһ елшісіне) қарсы келген
болады»
188
, –
деген. Сонымен қатар екі күн бұрын да
оразаға бастау мәкрүһ. Өйткені мына хадисте:
ُ الَ يَتَقَدّمَنّ أَحُدُكُمْ رَمَضَانَ بِصَوْمِ يَوْمٍ أَوْ يَوْمَيْنِ إِالّ رَجُلٌ كَانَ يَصُومُ
صَوْماً فَلْيَصُمْه
«Араларыңнан ешкім рамазан айынан бір немесе
екі күн бұрын ораза ұстамасын. Алайда баяғыдан бері
ұстап келе жатқан әдеттенген оразасы болса, ұстай
186
Бұхари, Ыйдәйн, 25; Әбу Дәуіт, Саум, 49; Тирмизи, Саум, 58
187
Бұхари, Әдәхи, 16; Мүслим, Сиям, 141; Әбу Дәуіт, Саум, 48
188
Бұхари, Саум, 11; Тирмизи, Саум, 3