143
Оразаның түрлері
сәлләм)
бұл әдетін рамазан оразасы парыз болғанға дейін
жалғастырды. Ашура күніндегі оразаға қатысты Ибн
Аббас былай дейді:
قَدِمَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ الْمَدِينَةَ فَرَأَى الْيَهُودَ تَصُومُ يَوْمَ
عَاشُورَاءَ، فَقَالَ: مَا هَذَا؟ قَالُوا: هَذَا يَوْمٌ صَالِحٌ، نَجّى اللَّ فِيهِ مُوسَى وَ بَنِي
ِإِسْرَائِيلَ مِنْ عَدُوِهِمْ، فَصَامَهُ، فَقَالَ: أَنَا أَحَقّ بِمُوسَى مِنْكُمْ فَصَامَهُ وَ أَمَرَ
بِصِيَامِه
«Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға
қоныс аударған кезде, яһудилердің ашура күнінде ораза
ұстағанын көрді. Ол «Бұл қандай ораза?» – деп сұрады.
Сонда оған: «Бұл – ерекше күн. Аллаһ тағала осы
күні Мұса пайғамбар (а.с.) мен Исрайылұрпақтарын
дұшпандарынан құтқарды. Сондықтан Мұса (а.с.)
осы күні ораза ұстайтын», – деп жауап берілді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Мен Мұсаға сен-
дерге қарағанда жақынмын», – деді де, осы күні ораза
ұстауды бұйырды»
182
. Кейін Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
:ُ
إِنّ عَاشُورَاءَ يَوْمٌ مِنْ أَيّامِ اللِّ، فَمَنْ شَاءَ صَامَهُ، وَ مَنْ شَاءَ تَرَكَه
«Ашура – Аллаһтың күндерінің бірі. Қалаған адам
ораза ұстасын, қаламаса, ұстамаса да болады
»
183
деп
ашура күні ораза ұстауды әркімнің өз еркіне қалдырды.
Шағбан айындағы ораза
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
шағбан айында
ерекше ораза ұстаған екен. Үмму Сәләмә анамыз (р.а.):
182
Бұхари, Саум, 69; Мүслим, Сиям, 127; Әбу Дәуіт, Саум, 63
183
Бұхари, Саум, 69; Мүслим, Сиям, 116