

142
Ораза – теңдессіз құлшылық
Ал қажылықтарын өтеушілерге бұл күні ора-
за ұстауға Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тыйым
салған. Өйткені бұл күндері қажылық жасаушылар
қажылықтың шарттарын орындауға шамалары жетпей,
әлсіреп қалулары мүмкін. Ондай жағдайда бірінші ке-
зекте атқаруы қажет құлшылықты екінші кезекке қою
құптарлық іс емес.
Шәууәл айындағы алты күндік ораза
Шәууәл – рамазаннан кейін келетін айдың аты.
Осы айда алты күн ораза ұстау сүннет. Өйткені
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы ораза жайында:
مَنْ صَامَ رَمَضَانَ ثُمّ أَتْبَعَهُ سِتّا مِنْ شَوّالٍ كَانَ كَصِيَامِ الدّهْرِ
«
Кімде-кім рамазан айында (парыз) ораза
ұстағаннан соң, шәууәл айында қосымша алты күн ора-
за ұстаса, бір жыл бойы ораза ұстағандай болады»
181
,
– деген.
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей
бірінен кейін бірін немесе бөліп-бөліп ұстауға болады.
Бірақ айттың артынша ұстап бітірген абзал.
Ашура күніндегі ораза
Ашура – қамари айлардың біріншісі болып сана-
латын Мұхаррам айының 10-күніне айтылады. Алай-
да тек ашура күні ораза ұстау ғұламалар тарапынан
құпталмайды, ашура күнімен қоса оның алдындағы
бір күнді (9-мұхаррам) немесе кейінгі бір күнді (11-
мұхаррам) қосып ораза тұту керек делінген. Өйткені
ашура күні тек яһудилер ораза ұстаған, ал мұсылмандар
оларға ұқсамауы керек. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
181
Мүслим, Сиям, 204; Тирмизи, Саум, 52; Ибн Мажә, Сиям, 33