146
Ораза – теңдессіз құлшылық
берсін»
189
– делінген. Бұл хадистен бір кісі әдеттенген,
яғни дүйсенбі-бейсенбі күндер ұстайтын оразасы осы
күмәнді күнге дөп келіп қалған жағдайда, оразасын
ұстаудың ешқандай ерсілігі жоқ екенін ұғамыз.
Күмәнді күні рамазан оразасының парызы деп ниет
етіп ұстау тахриман мәкрүһ. Бірақ нәпіл ретінде ұстау
мәкрүһқа жатпайды. Кімде-кім осы күмәнді күнді ра-
мазан оразасынан деп ұстаса, ұстаған оразасы мәкрүһ
болумен қатар, кейін бұл күннің Рамазан күні екені
анықталған жағдайда, бұл ораза – Рамазан оразасы са-
налады.
Осы күндерде ораза ұстаған адам күнәһар саналу-
мен қатар, оразасы жарамды болып табылады. Осын-
дай күндері ораза ұстауды бастап, бұзып жіберген
жағдайда қазасын өтеудің қажеті жоқ.
Тәнзиһән мәкрүһ оразалар
Тек жұма күні, тек сенбі күні, тек жексенбі күні,
уисал ораза, күнде ораза тұту, тек ашура күні ораза
тұту танзиһан мәкрүһ. Бірақ әдеттенген оразалары осы
күндерге сай келсе, мәкруһ болмайды.
а) Уисал оразасы
Уисал – екі немесе одан көп күн қатарынан еш
ауыз ашпастан ұстайтын ораза. Мейірім жаршы-
сы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұндай ораза
ұстағандарға бұлай жасамауларын айтып, ескерту жа-
сап отырған. Осы мәселеге қатысты Айша анамыз (р.а.):
النّبِيّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ نَهَى عَنِ الْوِصَالِ. قَالُوا: يَا رَسُولَ اللِّ إِنّكَ
تُوَاصِلُ. قَالَ: « إِنِّي لَسْتُ كَهَيْئَتِكُمْ إِنِّي أُطْعَمُ وَأُسْقَى»
189
Бұхари, Саум, 14; Мүслим, Сиям, 21; Бұл хадис алты имамның
кітабында да Әбу Хұрайрадан риуаят етілген: Нәсбур-рәиә,
2-т., 440-б.