Previous Page  147 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 168 Next Page
Page Background

147

Оразаның түрлері

«Пайғамбарымыз

(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)

мұсылмандарға

жаны ашығандықтан уисал оразасын ұстауды тыйым

салған. Оған: «Сіз осылай ораза ұстайсыз ғой», - деген

кезде,

«Мен сендер секілді емеспін. Мені Раббым ішіп-

жегізеді», –

дегенін жеткізген

190

.

ә) Күнде ораза ұстау

Исламдінініңүкімдерікезкелгенжағдайдаорындауға

оңтайлы кең көлемді болып келеді. Онда адамға ауыр

соғатын бұйрықтар жоқ. Барлық әмірлерінде орта жол

көзделген. Әр күн ораза ұстау адамға кері әсерін тигізуі

мүмкін. Әлсіреп-қалжырағандықтан қоғамдық істерге

араласа алмай, оқшауланып қалады. Немесе күнде ора-

за ұстай-ұстай ашығу оның бойында әдетке айналуы

мүмкін. Сондықтан оразада алынатын көптеген ру-

хани пайдалардан құр алақан қалуы мүмкін. Осыған

орай Пайғамбарымыз адамдардың үздіксіз ораза

ұстағандарын қаламаған. Бұлай жасағандардың ораза

ұстаған болып есептелмейтіндігін айтқан

191

.

б) Тек қана жұма күндері ораза ұстау

Жұма –мұсылмандардыңмерекесі. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде:

ْالَ تَخْتَصّوا لَيْلَةَ الْجُمُعَةِ بِقِيَامٍ مِنْ بَيْنِ اللّيَالِي وَ الَ تَخُصّوا يَوْمَ الْجُمُعَةِ

بِصِيَامٍ مِنْ بَيْنِ الَْيّامِ إِالّ أَنْ يَكُونَ فِي صَوْمٍ يَصُومُهُ أَحَدُكُم

«Түндерден тек жұма түнін құлшылыққа ар-

нап, күндердің ішінде тек жұма күнін ораза ұстауға

арнамаңдар. Ал өзі әдеттенген оразасын ұстауы бұған

190

Бұхари, Саум, 20; Мүслим, Сиям, 60; Әбу Дәуіт, Саум, 24;

Тирмизи, Саум, 62

191

Бұхари, Саум, 57; Мүслим, Сиям, 186; Нәсаи, Сиям, 71