Previous Page  144 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 168 Next Page
Page Background

144

Ораза – теңдессіз құлшылық

«Аллаһ елшісінің бір жыл ішінде шағбан айының

тысында бір ай бойы ораза ұстаған кезі болған емес.

Шағбан айын рамазанмен бірлестіріп жіберетін»

184

,

деген. Айша анамыз да Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

осы айдағы оразасы жайлы:

ُ لَمْ يَكُنِ النّبِيُ يَصُومُ مِنْ شَهْرٍ أَكْثَرَ مِنْ شَعْبَانَ، فَإِنّهُ كَانَ

يَصُومُ شَعْبَانَ كُلّه

«Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Шағбан ай-

ынан басқа ешбір айда оразаны соншалықты көп

ұстамайтын. Шағбан айын толықтай оразамен

өткізетін»

185

,

– деп хабар берген.

4. Мәкрүһ оразалар

Ханафи мәзһабы бойынша, мәкрүһ оразалар тахри-

ман және тәнзихан деп екіге бөлінеді.

Тахриман мәкрүһ оразалар

Ораза айттың бірінші күні мен құрбан айттың төрт

күні және күмәнді күні ораза тұту тахриман мәкрүһ.

а) Ораза айт пен құрбан айт күндері ораза

ұстау

Ораза айт пен құрбан айт күндері мұсылмандардың

қуаныштарын бөлісіп, бір-біріне айттайтын мере-

ке күндері болғандықтан, ораза айттың бірінші күні

мен құрбан айттың төрт күнінде ораза ұстауға тыйым

салынған. Ұқба ибн Амир риуаят еткен бір хадисте

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

184

Әбу Дәуіт, Саум, 57

185

Бұхари, Саум, 52; Мүслим, Сиям, 176; Әбу Дәуіт, Саум, 59