Previous Page  139 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 168 Next Page
Page Background

139

Оразаның түрлері

«Пайғамбарымызға менің «кеудемде жаным

барда күнде түнде міндетті түрде намаз оқып,

күндіздері ораза ұстаймын» дегенімді айтқан екен.

Пайғамбарымыз мені шақыртып «Әлгіндей сөзді ай-

тып жүрген сен бе?» – деп сұрады. Мен: «Иә, мен айт-

тым», – деген кезімде, «Сен бір күн ораза ұста, екі күн

ұстама», – деді. Мен одан да көбін жасай алатыным-

ды айттым. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Бір

күн ораза ұста, бір күн ұстама», – деді. Мен одан да

артығына шамам келетінін айтқанымда, Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Бұдан сауаптысы жоқ»

, – деді»

172

.

Тағы бір хадисінде Аллаһ елшісі:

أَحَبّ الصِّيَامِ إِلَى اللِّ صِيَامُ دَاوُدَ، كَانَ يَصُومُ يَوْمًا وَ يُفْطِرُ يَوْمًا

«Ең сауапты ораза Дәуіттің (а.с.) ұстаған ора-

засы. Ол бір күн ұстап, бір күн ұстамайтын»

173

,– деп

осы оразаның артықшылығын баян еткен.

Дүйсенбі мен бейсенбі күндері

тұтылған ораза

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

кейбір

уақыттарда ғибадатқа ерекше мән беретін. Айша ана-

мыздан (р.а.) жеткен бір хадисте:ِ

كَانَ النّبِيّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ يَتَحَرّى صَوْمَ الِْثْنَيْنِ وَ الْخَمِيس

«Аллаһ елшісі дүйсенбі мен бейсенбі күндері

ораза ұстауға ерекше мән беретін»

174

делінген.

Адамдардың амалдары Аллаһ тағалаға осы күндерде

ұсынылатындықтанПайғамбарымызоразаұстауға ерек-

172

Бұхари, Әнбиә, 37; Мүслим, Сиям, 181

173

Бұхари, Саум, 56; Мүслим, Сиям, 189

174

Тирмизи, Саум, 44; Нәсәи, Сиям, 36; Ибн Мажә, Сиям, 42