134
Ораза – теңдессіз құлшылық
Білместікпен кісі өлтіріп қоюдың
кәффараты
Бір мұсылманды немесе мұсылман мемлекетінде
тұратын зымми (мұсылман емес) адамды байқаусызда
өлтіріп қойған адам, кәффарат оразасын өтеуі тиіс.
Бұл кісі егер шамасы жетсе бір мұсылман құл немесе
күңді құлдықтан босатады. Оған шамасы жетпесе, екі
ай қатарынан ораза ұстайды. Құран кәрімде бұл жайлы
былай дейді
وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ أَنْ يَقْتُلَ مُؤْمِنًا إِالَ خَطَأً وَمَنْ قَتَلَ مُؤْمِنًا خَطَأً فَتَحْرِيرُ
رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ
«Кімде-кім бір мүмінді қателесіп өлтірсе, бір
мүмін құл азат етуі тиіс»
артынша бұл аяттың соңында
فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ تَوْبَةً مِنَ اللَِ وَ كَانَ اللَُ عَلِيمًا حَكِيمًا
«Бұларға шамасы жетпеген жан Аллаһқа тәубе
қылып, екі ай үзбей ораза тұтады. Аллаһ толық
білуші, хикмет иесі»
165
– деп айтылған.
2. Уәжіп оразалар
Нәзір (аталған) ораза
Нәзір – орындауға міндетті еместігіне қарамастан
Аллаһ тағалаға құлшылық мақсатында бір амалды жа-
сауды мойнына алу деген сөз. Тек қана Жаратқанның
разылығын көздей отырып, намаз, ораза, құрбандық
секілді амалдарды атау – мол сауапқа кенелтетін
құптарлық іс. «Егер мына ісім сәтті болса, ертең Аллаһ
разылығы үшін ораза ұстаймын немесе кембағал,
165
«Ниса» сүресі, 92-аят.