129
Оразаның түрлері
алмайды. Өйткені тән арқылы, яғни денемен орын-
далатын құлшылықтарда өкілдік жүрмейді, басқаға
тапсыра алмайды, міндетті түрде өзі орындауы керек.
Алайда ұстаған оразаларының сауабын дүниеден өткен
адамның рухына бағыштай алады.
Имам Шафиғидың көзқарасы бойынша, қайтыс
болған кісі өсиет етсін-етпесін, артынан қалған дүние-
мүлкінен қарыз оразаларының фидиясын беру қажет.
Ораза кәффараты
Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз
біле тұра бұзып жіберсе, үзбей екі ай (кәффарат) ораза
ұстау парыз.
Зиһар кәффараты
Зиһар – Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде
әйелдерді талақ етудің бір жолы болатын. Күйеуі
әйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның
арқасы секілдісің» немесе «Сен маған анамдайсың» деп
әйелін, өзіне үйленуі харам болған анасына ұқсатып,
әйелін өзіне харам етеді. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
заманында да бір сахаба әйеліне ашумен
осылай айтады. Кейіннен Пайғамбарымызға
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
мән жайды түсіндіріп, өзінің кәрі әрі бала
шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін баян етеді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сол кезде бұл істің
үкімін сұрап Аллаһқа дұға еткенде, мына аят түседі:
قَدْ سَمِعَ اللَُ قَوْلَ الَتِي تُجَادِلُكَ فِي زَوْجِهَا وَ تَشْتَكِي إِلَى اللَِ وَ اللَُ يَسْمَعُ
تَحَاوُرَكُمَا إِنَ اللََ سَمِيعٌ بَصِيرٌ، الَذِينَ يُظَاهِرُونَ مِنْكُمْ مِنْ نِسَائِهِمْ مَا هُنَ
أُمَهَاتِهِمْ إِنْ أُمَهَاتُهُمْ إِالَ الالَئِي وَلَدْنَهُمْ وَ إِنَهُمْ لَيَقُولُونَ مُنْكَرًا مِنَ الْقَوْلِ وَ