132
Ораза – теңдессіз құлшылық
Ханафи мәзһабы бойынша ант кәффарат оразаның
арасы хайыз көруге байланысты үзілсе де қайта бас-
тан үш күн тұту керек. Ал Шафиғи мәзһабы бойынша
бұл оразаны үздіксіз тұту шар емес яғни әйел бір күн
кәффаратын ұстағаннан кейін хайыз келсе, хайызы
біткеннен кейін қалған екі күнін тұта алады.
Ант кәффараты ретінде он пақырға пітір көлемінде
қаражат берсе де жеткілікті. Бір пақырға он күн бойы
бір пітірдің берілуі немесе он күн таңертең-кешке тамақ
беруге де болады. Өйткені сол пақыр басқа күні келсе,
ол басқа адам ретінде есептеледі. Бір уақытта тамақ
жегізіп, бір уақытта тамақтың құнын беруге де болады.
Ақшалай берілген мұндай кәффаратты қайтыс
болғандарға кебін, қарызын төлеу немесе мешіттер салу
жолында қолдануға рұқсат етілмейді. Өйткені мұндай
кәффаратты пақырларға ішкізіп-жегізу және олардың
меншігіне берілуі шарт болып табылады.
Қажылық кезінде уақытынан бұрын
шаш алғызудың кәффараты, аң
аулау, иіс су себіну, тігілген киім кию
Қажылық үшін ихрам киіп, кейбір үзір себебіне
қатысты шаштарын уақытынан бұрын қысқартуға
болмайды. Құранда: ُ
وَلاَ تَحْلِقُوا رُؤُوسَكُمْ حَتّى يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلّه
«Құрбандық орнына барғанға дейін шаштарыңды
алдырмаңдар»
160
Сондықтан қажылық кезінде уақытынан бұрын
шашын қысқартқан кісі жаза ретінде үш күн кәффарат
оразасын ұстайды. Бұл оразаны үзбей ұстау шарт емес,
бөлек-бөлек ұстауға да болады.
160
Бақара сүресі 196 аят.