136
Ораза – теңдессіз құлшылық
ْ
وَ الَ تُبْطِلُوا أَعْمَالَكُم
«Бастаған амалдарыңды бұзбаңдар»
168
–
делінген.
Бастаған ғибадатты аяқтау негіз болғанымен,
нәпіл ретінде бастаған намаз немесе ораза секілді
құлшылықты белгілі бір себепке байланысты бұзса,
оны кейін қайта өтеу – уәжіп. Біреу сыйлап қонаққа
шақырған жағдайда бастап қойған нәпіл оразаны бұзуға
болатындығын айтуда. Мысалы, нәпіл ораза ұстап
жүрген кезде біреу қонаққа шақырса, егер тамақ же-
меген жағдайда үй иесі немесе шақырған кісі ренжитін
болса, оразаны бұзса, кейін қазасын өтеуі уәжіп.
Осыған қатысты Айша анамыз (р.а.) мына бір
оқиғаны әңгімелеуде:
كُنْتُ أَنَا وَحَفْصَةُ صَائِمَتَيْنِ َفأُهْدِيَ لَنَا شَيْءٌ مِنْ طَعَامٍ فَأَفْطَرَنَا عَلَيْهِ،
فَدَخَلَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ، فَبَدَرَتْنِي حَفْصَةُ بِالْكَالَمِ فَقَالَتْ:
ُيَا رَسُولَ اللِّ أَصْبَحْتُ أَنَا وَعَائِشَةُ صَائِمَتَيْنِ فَأُهْدِيَ لَنَا شَيْءٌ مِنْ طَعَامٍ
فَأَفْطَرْنَا عَلَيْهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ: صُومَا يَوْمًا مَكَانَه
«Бірде Хафса екеуіміздің аузымыз берік кезде,
алдымызға ас тартылды. Біз әлгі астан тартынбай
алып аузымызды ашып жібердік. Пайғамбарымыз кел-
ген кезде, Хафса менің алдымды орап: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Біздің аузымыз берік еді. Бізге бір тамақ
әкелінді. Тамақты жеп, аузымызды ашып жібердік», –
деген кезде, ол:
«Осы күннің орнына басқа бір күн қаза
ретінде ораза ұстаңдар»
169
,
– деді.
168
«Мұхаммед» сүресі, 33-аят.
169
Әбу Дәуіт, Сиям, 73; Тирмизи, Саум, 36; Ахмед ибн Ханбәл,
6/263