Previous Page  131 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 168 Next Page
Page Background

131

Оразаның түрлері

кәффаратты өтемей тұрып әйелімен жақындасуына

болмайды. Алайда күйеудің әйеліне «Сен маған анам

секілдісің немесе анама ұқсайсың» деуі оның ниетіне

байланысты. Егер әйелінің жақсылығын айтқысы

келсе, оған кәффарат өтеу міндет болмайды. Ал егер

зиһарды меңзеген болса, зиһар үкімін орындайды.

Талақты меңзеген болса, онда «байин» толық талақ деп

есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті жоқ болса, бұл сөз

айтылмағандай болып қала береді

158

.

Ант ішудің кәффараты

Ант етіп, антын бұзған кісінің кәффарат оразасын

ұстауы қажет. Егер шамасы келсе, он кедейге таңертең-

кешке екі мезгіл тоятындай етіп тамақ жегізеді неме-

се он кедейге орташа киім береді. Бір көйлек немесе

бір шалбар ғана беру оны толық киіндіру болып са-

налмайды. Сондықтан үсті басын жабатындай етіп

толық киіндіру керек. Бұған шамасы жетпесе үш күн

қатарынан ораза ұстайды. Құранда:

الَ يُؤَاخِذُكُمُ اللَُ بِاللَغْوِ فِي أَيْمَانِكُمْ وَ لَكِنْ يُؤَاخِذُكُمْ بِمَا عَقَدتُمُ الَْيْمَانَ

فَكَفَارَتُهُ إِطْعَامُ عَشَرَةِ مَسَاكِينَ مِنْ أَوْسَطِ مَا تُطْعِمُونَ أَهْلِيكُمْ أَوْ كِسْوَتُهُمْ

أَوْ تَحْرِيرُ رَقَبَةٍ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَالَثَةِ أَيَامٍ

«Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды.

Алайда біле тұра берген анттарыңнан жазалай-

ды. (Ант бұзсаңдар) оның төлеуі: үй-іштеріңе орта

есеппен жегізетін он жарлыны тамақтандыру не

оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Мұны тап­

пағанға үш күн ораза ұстау»

159

– делінген.

158

М. Исаұлы. Ислам ғылымхалы, 273-б.

159

«Мәида» сүресі, 89-аят.