133
Оразаның түрлері
Аң аулау.
Ихрамдағы кісі бір аңды өлтірсе не-
месе біреуге аңды көрсетіп өлтіртсе жазасын өтейді.
Өлтірілген аңның құнын екі әділ адам бағалап, өлтірген
адам сол құнға сай бір мал сатып алып, Меккеде құрбан
етеді немесе соның құнына бидай сатып алып, кедейге
береді немесе оның құнының әр жарты сағ
161
үшін бір
күн ораза тұтады. Құранда :
يَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُوا لاَ تَقْتُلُوا الصّيْدَ وَأَنْتُمْ حُرُمٌ وَمَن قَتَلَهُ مِنْكُم مّتَعَمِّدًا
فَجَزَاءٌ مِّثْلُ مَا قَتَلَ مِنَ النّعَمِ يَحْكُمُ بِهِ ذَوَا عَدْلٍ مِّنْكُمْ هَدْيًا بَالِغَ الْكَعْبَةِ أَوْ
كَفّارَةٌ طَعَامُ مَسَاكِينَ أَوْ عَدْلُ ذَلِكَ صِيَامًا
«Әй, мүміндер! Сендер ихрамда аң өлтірмеңдер.
Сендерден біреу оны әдейі өлтірсе, оның жазасы сол
өлтірілген аңның құны. Оның құнын сендерден екі әділ
кісі бағалап, Қағбаға барып құрбан етеді, не бодауы-
на міскіндерді тамақтандырады немесе оның орнына
ораза ұстайды»
162
– деген.
Әтір себіну, тігілген киім кию.
Қандай да бір
себеппен ихрамдағы кісі үстіне иіс су себінсе немесе
тігілген киім киінсе жаза өтейді. Жазасы бір қой құрбан
шалу немесе жарты сағ
163
бидайдан алты кедейге тарату
немесе үш күн ораза ұстау. Құранда бұл жайында:
ٍ
...فَفِدْيَةٌ مِّن صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُك
«...Ораза ұстасын не садақа берсін немесе құрбан
шалсын»
164
-
деген.
161
1 сағ = 3 кг 250 гр.
162
Майда сүресі 95 аят.
163
1 сағ = 3 кг 250 гр.
164
Бақара сүресі 196 аят.