130
Ораза – теңдессіз құлшылық
زُورًا وَ إِنَ اللََ لَعَفُوٌ غَفُورٌ، وَ الَذِينَ يُظَاهِرُونَ مِنْ نِسَائِهِمْ ثُمَ يَعُودُونَ لِمَا
قَالُوا فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَتَمَاسَا ذَلِكُمْ تُوعَظُونَ بِهِ وَاللَُ بِمَا تَعْمَلُونَ
خَبِيرٌ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَتَمَاسَا فَمَنْ لَمْ
يَسْتَطِعْ فَإِطْعَامُ سِتِّينَ مِسْكِينًا ذَلِكَ لِتُؤْمِنُوا بِاللَِ وَ رَسُولِهِ وَ تِلْكَ حُدُودُ اللَِ
وَ لِلْكَافِرِينَ عَذَابٌ أَلِيمٌ
«Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым
айтып, сенімен таласқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ
екеуінің сөйлескендерін де естиді. Аллаһ толық
естуші әрі толық көруші. Әй, иман келтіргендер!
Сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері
аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар
ғана. Сөзсіз олар ұнамсыз әрі жалған сөз сөйлейді.
Шынында, Аллаһ – аса кешірімді әрі рақымды.
Жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан
сөздерінен қайтса, әйеліне қосылудан бұрын бір құл
азат етуі керек. Міне, сендерге осы нұсқау берілді.
Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Егер құл таба
алмаса, әйеліне қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза
ұстасын. Оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні
тамақтандырсын. Бұл Аллаһқа және Елшісіне
иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ бұл Аллаһтың
белгілегендері. Қарсы болушыларға жан түршігерлік
азап бар
»
157
.
Зиһар кәффаратында – екі ай қатарынан ора-
за ұстайды, бұған да шамасы жетпесе, алпыс кісіге
таңертең кешке тоятындай тамақ беруі керек. Зиһар
жасаушы ер кісі болады. Сондықтан күйеуі бұл
157
«Мүжәдәлә» сүресі, 1-4-аяттар.