125
Ораза айт
болмайды. Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
ораза айт күні шығып, екі рәкаттық (айт) нама-
зын оқыды. Бұдан бұрын да кейін де ешқандай намаз
оқымады және онымен бірге Білал болды»
153
дейді.
Мұсылман
бауырлар
бір-бірін
құттықтап,
«ғафараллаһу ләнә уа ләкум» (Аллаһ біздің де,
сендердің де қате-күнәларымызды кешірсін) немесе
«тақаббалаллаһу минна уа минкум» (Аллаһ бізден де,
сіздерден де қабыл етсін) деп дұға айтысады.
Айт намазына қатысты мәселелер
Имам алғашқы үш тәкбірді ұмытып, «Фатиха»
сүресін жартысына дейін оқып қалса, дереу тәкбірлерді
айтып, «Фатиха» сүресін қайта оқиды. Ал егер «Фати-
ха» сүресін және қосымша сүре оқып қойса, ұмытқан
тәкбірлерді қайта айтады, бірақ «Фатиха» мен қосымша
сүрені қайта оқымай дереу рукуғқа барады.
Имам бірінші рәкаттың рукуғына иілген кезде,
кешігіп имамға ұйыған адам тәкбірлерді тік тұрғанда
айтып үлгеретін болса өзі іштей айтады. Егер имам
рукуға иілген болса, ол да рукуғқа иіліп, үш тәкбірді
рукуғта айтады. Өйткені рукуғ жасамаса, тәкбірлермен
қоса рукуғқа да үлгермей қалады. Бұл – Әбу Ханифа мен
Имам Мұхаммадтың көзқарасы. Ал Әбу Юсуф рукуғта
айт тәкбірлерін айтпайды, өйткені бұл тәкбірлердің
айтылу орны қиям деген. Қиямда орындамағандықтан
бұл тәкбірлерді айту міндеттілігі түседі. Өйткені бұл
тәкбірлерді айтудың реті өтіп кетті
154
.
Имам рукуғтан екінші рәкаттың қиямына ба-
сын көтерсе, ұюшы да екінші рәкатқа тұрады. Айт
153
Сахих Бухари 989
154
Ислам фиқһ энциклопедиясы, 460-б