120
Ораза – теңдессіз құлшылық
себебі – дүниеден өткенше Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
ешқашан айт намаздарын тастамағандығы.
Әрі адамдарға бұл күні намазға шығуларын бұйырған.
Умму Атия былай дейді: «Ораза айт күні біз намазға
шығуға бұйырылатынбыз. Тіпті үйінде отырған
қызбала да үйінен шығып келетін.Тіпті етеккірі келген
әйелдер де келіп, жамағаттың ең артында тұрып, тәкпір
айтып, дұға етіп, бұл күннің берекелі әрі (күнәдан) та-
зару болатынына үміттенетін»
142
.
Ибн Аббас: «Ораза айт намазында Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
және Әбу Бәкір (р.а), Омарлар-
мен (р.а.) бірге болдым. Барлығы ораза айт намазын
құтбадан бұрын оқыды»
143
, – деген.
Айт намаздарының дұрыс орындалу шартта-
ры жұма намазының шарттарымен бірдей. Мысалы:
уақыттың кіруі, жамағат болуы (айт пен жұма намазы
жеке оқылмайды) секілді шарттар. Тек құтбаның үкімі
бұдан тыс. Яғни құтба жұма намазы үшін шарт болса,
айт намазы үшін сүннет қана және құтпа айт намазы-
нан кейін оқылады.
Ханафи мен малики мәзһабтарында әйел кісілердің
айт намаздарына баруына рұқсат бермеген. Дәлелдері
Құран кәрімдегі: ّ
وَقَرْنَ فِي بُيُوتِكُن
«Үйлеріңде отырың-
дар»
144
– деген аят дәлел. Әйел кісілер үшін мешітке
қарағанда үйде оқудың абзалдығы абайсызда түрлі
келеңсіздік, іріткі тудырмау үшін жасалған. Қарт
әйелдер мұндай фитнаға себеп болмайтындықтан
олардың мешітке баруына рұқсат етілген
145
. Сонымен
142
Сахих Бухари 956
143
Байһақи, Сүнәну-кубра, 3/297; Мүслим, 3/18
144
«Ахзаб» сүресі, 33-аят.
145
Уаһбату Зуһайли, 366