Previous Page  115 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 168 Next Page
Page Background

115

Иғтикаф

мәселеде көпшілік ғалымдар бір көзқараста. Пәленбай

күн боламын деп серт беру арқылы өзіне иғтикафты

уәжіп еткен адам сол күндердің күндізімен қатар

түндерін де мешітте өткізуі қажет. Өйткені бір күн деген

кезде 24 сағаттық мерзім меңзеледі. Алайда ниетінде

түнді қоспаған болса, тек күндіз ғана иғтикаф жасайды.

Иғтикаф жасалатын мекен

Иғтикаф – аузы берік күйде иғтикафқа ниет етіп

жамағатпен намаз оқылатын мешітте бекіну керек.

Иғтикафқа жамағатпен намаз оқылатын мешіттерде

оңашалану қажет екендігіне:ِ

وَ الَ تُبَاشِرُوهُنّ وَ أَنْتُمْ عَاكِفُونَ فِي الْمَسَاجِد

«Мешіттерде құлшылық үшін оңашаланған кез-

де (әйелдеріңмен жақындаспаңдар)»

136

, – деген аят

дәлел. Хұзайфа (р.а.):

كُلّ مَسْجِدٍ لَهُ إِمَامٌ وَ مُؤَذِّنٌ فَاالِْعْتِكَافُ فِيهِ يَصِحّ

«Пайғамбарымыз: «Имамы мен азаншысы бар

мешітте иғтикафқа кіруге болады» дегенін естідім», –

дейді. Сонымен қатар Хұзайфа (р.а.): «Иғтикафқа тек

жамағатпен намаз оқылатын мешітте кіруге болады,

өйткені иғтикафқа бекінген кісі намазды күтеді», –

деген. Демек, иғтикафқа кіру үшін жамағатпен намаз

оқылатын мешіт таңдалуы шарт. Мешіт қаншалықты

үлкен болса, ол жерде өткізілген иғтикафтың да сауабы

көп болмақ.

Әйеладамүйінденамазоқуүшінарнайыдайындаған

жерде иғтикафты жасай алады. Ондай әйелге, мешітте

136

«Бақара» сүресі, 187-аят.