Previous Page  113 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 168 Next Page
Page Background

113

Иғтикаф

Иғтикафтың тілдік мағынасы – бір нәрседен ай-

ырылмау, мейлі жақсылық мейлі жамандық болсын

бір нәрсені тұрақты түрде істеу дегенді білдіреді. Ал

шариғатта – оразаға немесе басқа бір нәрсеге ниет

етіп құлшылық мақсатында мешітте оңашаланып

қалуды білдіретін ұғым, шариғаттағы екінші мағынасы

– жамағатпен бес уақыт намаз оқылатын мешітте

құлшылық ниетімен қалу дегенді білдіреді.

Ықыласпен орындалған жағдайда ол амалдардың

ең абзалдарынан болып саналады. Ата ибн Рабах

былай дейді: «Иғтикафқа бекінген адам құзыретті

адамға ісі түсіп, «менің бұйымтайымды орындамай-

ынша бұл жерден кетпеймін» деп оның босағасынан

айырылмауға тас бекінген кісі секілді. Иғтикафқа

бекінген адам Аллаһтың үйінде отырып «Уа, Аллаһ

тағалам! Күнәларымнан тегіс тазартпайынша бұл жер-

ден кетпеймін» дегендей жағдайда болады.

Иғтикафтың үкімі

Иғтикафтың үш түрі бар: Уәжіп, муәккәд сүннет

және мұстахап.

Уәжіп иғтикаф: Сөз беріп атау ретінде жасалған

иғтикаф. Мысалы, «Аллаһ тағаланың разылығы үшін

бір немесе одан да көп күн иғтикаф жасау мойныма

борыш болсын» деу арқылы мойнына міндет болған

иғтикаф.