110
Ораза – теңдессіз құлшылық
көңілдері алынатын (жаңа мұсылмандарға)
130
,
азат етілетін құлдарға, борыштыларға
131
, Аллаһ
жолындағыларға
132
және жолда қалғандарға
133
беру
бекітілді. Аллаһ әр нәрсені білуші, хикмет иесі
»
134
деп, пітір берілетін адамдардың аттарын атап көрсеткен.
Пітір садақасы мұсылман емес кедейге берілмейді.
Бұл – Әбу Юсуф пен Имам Шафиғидің пікірі. Ал Әбу
Ханифа мұсылмандардың елінде мекендеген кітап
иелеріне «христиан, яһудилерге» пітір садақа беруге
болады деген. Ханафи мәзһабында бұл мәселеде Әбу
Юсуфтың көзқарасы негізге алынған.
Пітір садақаны жақын жердегі пақыр-міскіндерге,
алыстағы туыстарына, күнделікті қажеттіліктеріне та-
бысы жетпейтіндерге бірінші кезекте берген дұрыс.
Пітір садақасын жергілікті халықтың арасында
мұқтаж адамдар болса, басқа ел мен қалалардан гөрі
жергілікті жердің халқын қамтамасыз еткен абзал.
тағайындалған қызметкерлер
130
Муәллафатул-қулуб – Ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы
әлсіз адамның немесе әлі мұсылман болмаған адамдардың
жүрегін жұмсартып, пиғылын түзеу үшін садақадан белгілі бір
үлес берілетін кісілерге айтылады.
131
Қарызы бар кісі деп – мойнындағы қарызынан басқа қолында
нисап мөлшерінде байлығы жоқ немесе басқадан алатын
қарызы бар, бірақ қайтарып алу мүмкіндігі жоқ кісілерді
айтады.
132
Ханафи фиқһының ғалымы әл-Касани «Аллаһ жолын-
дағыларға» деген сөзді «Аллаһ жолында жасалатын барлық
істер» деп кең көлемде алып түсіндірген.
133
Жолаушы – сапарға шығып жол азабын тартып, қаражаты
түгесіліп қалған адамдар.
134
«Тәубе» 60-аят.