Previous Page  106 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 168 Next Page
Page Background

106

Ораза – теңдессіз құлшылық

Пітір садақасының уақыты

Пітір садақасы рамазан айы кіргеннен бастап

119

, айт

намазына дейін беріледі. Ең абзал уақыты ораза айт күні

таңның атысынан кейін, бірақ айт намазынан бұрын

берілген пітір садақа. Ибн Омар былай дейді: «Аллаһ

елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

пітір садақаны, халыққа

намазға шықпай тұрып беруді бұйырған» дейді.

Егер айт намазынан бұрын бере алмаған жағдайда

айт намазынан кейін дереу, мүмкіншілігі болған мезет-

те беруі керек. Өйткені пітір садақасы тек өтеумен ғана

мойнынан түседі. Бірақ уақытында бермегендіктен са-

уабы кемиді

120

.

Пітір садақаның мөлшері

Хадистерде пітір садақаның сол кезеңде ең көп

қолданыста болған дәнді дақылдардан берілгендігі ай-

тылады. Сағлаба ибн Сағир әл-Алғузри жеткізген хади-

сте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: ٍ

ِ أَدّوا مِنْ كُلِّ حُرٍّ وَ عَبْد

نِصْفُ صَاعِ مِنْ بُرّ أَوْ صَاعاً مِنْ تَمْرِ، أَوْ صَاعاً مِنْ شَعِير

«

Сендерге әрбір

құл яки еркіндіктегі адам үшін бидайдан жарты сағ

121

немесе арпа мен құрмадан бір сағ беруді әмір етті

»

122

,

– деген. Олай болса бидайдан жарты сағ, ал құрма,

арпа, мейізден (басқа хадистерде мейіз де аталған) бір

сағ пітір садақа беріледі

123

. Бидайдың жарты сағ, ал

119

Ибн Омар: «Олар айт намазынан бір немесе екі күн бұрын

пітір садақасын беретін» дейді. Бухари, садақатул фитр бабы

1440 Көпшілік ғалымдар пітір садақаны таң атқаннан кейін,

бірақ айт намазы оқылғанға дейін беру мұстахап деген.

120

Абдул хамид Тахмаз, фи саубиһи жадид 1/377

121

Жарты сағ бидайдың өлшемі 1 кг 625г шамасында.

122

Нәйлүл-әутар 4/183; Насбур-райә, 2/406

123

Шафии мәзһабында: «пітір садақаны әр түрлі дәнді