Previous Page  109 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 168 Next Page
Page Background

109

Пітір садақа

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Осындай

күнде кембағалдарды садақа сұрауға мұқтаж етпеңдер»

деп кедей-кепшіктердің жағдайына қарасуды мақсат

тұтып, олардың да осындай айт секілді мейрам

күндерде қуанып, шаттыққа бөленулерін қалаған.

Сондықтан пітір берудегі мақсат өз міндетінен құтылу

емес кедейдің жағдайына қарасу, өзі ғана мейрамды

тойлау емес, өзге аш-жалаңаш жүргендерді тойдырып,

олардың қажеттіліктерін өтеп, оларды да қуанта білу.

Пітір садақаны бергенде кедейдің жеп ішуімен

өлшемей, өзінің күнделікті жеп ішуінің орта есебімен

өлшеп бергені абзал. Сондықтан пітір беруші өзінің

тұрмыс жағдайымен мөлшерлеп, кедейге бір күн азық

болатындай мөлшерде пітір берсе, нұр үстіне нұр бо-

лады. Құранда: ْ

مِنْ أَوْسَطِ مَا تُطْعِمُونَ أَهْلِيكُم

«Үй іштеріңе

жегізетін орта есеппен»

126

деген аят орта есеппен

берудің дұрыстығын нақтылай түспек. Өйткені кедейдің

күнделікті жеп-ішуі көбінесе өте төмен болады.

Пітір садақа кімдерге беріледі?

Пітір садақасы, Құранда аттары аталған зекет алу-

шы адамдарға беріледі. Сондықтан зекет берілмейтін

адамдарға пітір садақасы да берілмейді.

АллаһтағалаҚұрандазекеталуғакімдердіңлайықты

екендігі жайлы: «

Шын мәнінде, садақалар (зекеттер)

Аллаһ тарапынан бір парыз ретінде пақырларға

127

,

міскіндерге

128

, оны жинаушы қызметкерлерге

129

,

126

«Маида» сүресі 89-аят.

127

Пақырлар – нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ адамдар

128

Міскін – түгі жоқ әрі кіріс көзі болмаған адамдарға айтылады

129

Қызметкерлер – пітір садақасын жинауға, оны лайықты

адамдарға таратып беруге қызмет көрсететін, арнайы