Previous Page  105 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 168 Next Page
Page Background

105

Пітір садақа

етуі жайлы Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: َ

لاَ صَدَقَة

إِلاّ عَنْ ظَهْرِ غِنًى

«(Пітір) Садақа дәулетті кісілерге ғана

уәжіп»

118

, – деген хадисі дәлел. Алайда Малики, Ша-

фии, Ханбали мәзһабы бойынша пітір садақа берушінің

бай болуы шарт емес. Бай, кедей барлығы беруі керек

делінген.

Пітір садақасын беруге міндетті адамның дүние-

мүлкіне айт күні таң атқаннан кейін апат келіп,

байлығынан айырылса да пітір садақасын беру

міндеттілігінен құтылмайды.

Пітір садақасын беру үшін балиғат жасына жету

немесе ақыл-есі дұрыс болу шарт емес. Бай бірақ

балиғат жасына жетпеген немесе ақыл-есі кеміс бол-

са, бұлардың қамқоршы, жақын туыстарының бірі,

бұлардың байлығынан пітір садақасын алып кедейлер-

ге береді.

Нисап мөлшерінде дүние-мүлкі болмаса, пітір

садақасы оған уәжіп болмайды. Қаласа береді, қаламаса

бермейді. Нисап мөлшеріне үйдің негізгі қажеттіліктері

кірмейді. Негізгі қажеттіліктерге: тұрғын үй, киім-

кешек, көлік, отбасының бір айлық немесе бір жылдық

азығы жатады.

3. Қамқор болу. Нисап көлемінде байлығы бар

отағасы, қамқорлығындағы, асырауға міндетті ба-

лалары үшін пітір садақасын беруге міндетті. Олар:

балиғат жасына толмаған балалары және балиғат жа-

сынан асқан ақыл-есі кем науқас балалары және қайтыс

болған баласының балалары (немерелері).

118

Насбур-райә, 2/411