Previous Page  108 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 168 Next Page
Page Background

108

Ораза – теңдессіз құлшылық

уақытында дәнді дақылдармен (күнделікті қажет азық-

түлікпен) берген абзал»

125

деген.

Әрине мұның құнын әр елдің жергілікті дін басшы-

лары халыққа белгілеп береді.

Негізінде хадистерде аттары аталған пітір садақасы

ең төменгі мөлшермен есептелген. Бұл жағдайы төмен

адамдарға мұндай сауапты амалдан құр қалмауы үшін

жасалғанжеңілдікболар. Соныменқатарбұлмөлшерлер

Исламның алғашқы уақытында, сол кездің жеп-ішу

шарттарына лайықты түрде белгіленген. Өйткені ол

уақытта бидай, құрма, мейіз секілді тағамдар ең қажетті

тағам болып саналған және қарапайым халық сауда-

саттық жасағанда осы аталмыш азық - түліктермен

есеп айырысатын болған. Ал қазіргі таңда жағдай

өзгерген. Фиқһ ғалымдарының айтуынша, қазіргі

таңда бұл дәнді дақылдармен (жарты сағ немесе бір

сағ дәнді дақылдармен) пітір садақа беру жеткіліксіз.

Өйткені сахабалар кезеңінде бұл дәнді дақылдардың

жиі қолданыста болғандығы байқалады. Ол кезеңде

бұл пітір садақасы бір адамның бір күндік (таңғы және

кешкі) асына жеткілікті саналған. Сондықтан пітір

садақасының мөлшерін анықтауда мынадай екі түрлі

өлшем бар:

Біріншісі:

пітір садақаны жоғарыда аттары аталып,

мөлшерлері белгіленген дәнді дақылдармен немесе

оның құнымен өтеу.

Екіншісі:

бір кедейдің бір күндік (таңғы және

кешкі) орташа ішіп-жейтін мөлшерде пітір беру. Бұл

өлшемнің де ең төменгі құны хадистерде айтылған

мөлшерден төмен болмауы керек.

125

Раддул Мұхтар 2/76