114
Ораза – теңдессіз құлшылық
Муәккәд сүннәт: Рамазанның соңғы он күнінде
иғтикафқа бекіну муәккәд сүннет болып табылады.
Айша анамыздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға қоныстанғаннан бастап,
Жаратқанға қауышқанға дейін (жыл сайын) рамазан
айының соңғы он күнінде иғтикафқа кіретін. Имам
Зухри де Пайғамбарымыздың көз жұмғанға дейін
иғтикафты тастамағанын айтады.
Сонымен қатар оразаның соңғы он күнін иғтикафта
өткізген адам, қадір түнін де құлшылықпен өткізген
болады. Себебі қадір түні соңғы он түнінің бірінде. Ол
жайлы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
تَحَرَوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْوِتْرِ مِنْ الْعَشْرِ الَْوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ
«Соңғы он күннің тақ сандарында қадір түнін
іздеңдер»,– деген.
Мұстахап:Уәжіпжәне бекітілгенсүннетиғтикафтан
басқа, кез келген уақытта жасалатын иғтикаф.
Иғтикафтың мерзімі
Нәпіл иғтикафтың мерзімі нақты бекітілмеген.
Имам Әбу Юсуфтың ойынша, бір тәулік жартысынан
көбі иғтикаф үшін жеткілікті. Имам Мұхаммед иғтикаф
үшін бір сағат мөлшерінің жеткілікті екенін айтады.
Өйткені нәпіл құлшылықтарда негізгі ұстаным кеңдік.
Сонымен қатар, аз уақыт болса да, тіпті мешітте оты-
рып ниет етсе, бұл ниет иғтикафқа саналады. Нәпіл
иғтикафты бастап қойып бұзған жағдайда қазасын өтеу
қажет емес.
Уәжіп (аталған) иғтикаф кем дегенде бір тәулік
болуы тиіс. Себебі бір күндік ораза болмағаны секілді
иғтикаф та бір күннен аз уақытта жасалмайды. Бұл