Previous Page  117 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 168 Next Page
Page Background

117

Иғтикаф

Мүмкіндігінше тек жақсы сөздер айту. Күнә емес

нәрселерді де айтуға болады. Иғтикафқа бекінген

адамның мүлдем сөйлеспеуі – мәкрүһ. Өйткені бұл –

мәжусилердің әдеті. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мүлдем сөйлемей иғтикаф жасауға тыйым салған.

Иғтикаф кезінде Құран кәрімді көп оқу, хадистерді

оқып тәлім алу, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өмірбаяны т.с.с. иманды қуаттандырып күшейтетін

мәліметтерді үйренуге басты мән беру.

Таза киімдерін киіп, әдемі жұпар иістерді себу.

Өзіне иғтикафқа кіруді уәжіп еткен кісі ниетін тек

жүрекпен емес, тілімен де айту.

Иғтикафты бұзатын мән-жайлар

1. Иғтикафқа кірген адам негізгі қажеттілік (зәру

қажеттілікке кіші және үлкен дәрет пен ғұсыл алу жа-

тады) пен мешіттің құлауы, өзіне немесе дүние-мүлкіне

қауіп төну секілді зәрулік тумайынша иғтикафқа

бекінген жерден сыртқа шықса, иғтикаф бұзылады.

Айша анамыздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

зәру қажеттіліктің тысында сыртқа

шықпаған. Имам Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың

пәтуасына орай, егер сыртқа шығу мерзімі бір күннің

жартысынан аз болса, иғтикаф бұзылмайды.

2. Әйелімен жыныстық қатынас жасау иғтикафты

бұзады. Құранда:ِ

وَ الَ تُبَاشِرُوهُنّ وَ أَنْتُمْ عَاكِفُونَ فِي الْمَسَاجِد

«Мешіттерде құлшылық үшін оңашаланған кез-

де әйелдеріңмен жақындаспаңдар»

139

, – деп бұған ты-

йым салынған. Ұмытып жыныстық қатынас жасаса да,

139

«Бақара» сүресі, 187-аят.