121
Ораза айт
қатар, ханафи мәзһабының кейінгі ғалымдары фитна
тудырмау шартымен әйелдер мешітке бала- шағасымен
барып, ислами мейрамдарды олардың да санасына
сіңіру үшін, уағыз тыңдап, діни тәлім алып қайтуына
болады. Өйткені қазіргі таңда ислами білім алуға
мұқтаждық өте көп, деген
146
.
Айт намазының уақыты
Айт намазының уақыты күн найза бойы
көтерілгеннен кейін, яғни күн шыққаннан кейін жо-
бамен жарты сағат өткеннен бастап, күн тас төбеге
көтерілгенге дейін, яғни бесін намазы уақытының
кіруіне аз қалғанға дейін оқылады. Айт намазын
оқып жатқанда күн тас төбеге көтерілген болса, намаз
бұзылады
147
. Айт намазын күн шығып жатқан уақытта
оқыса, намаз жарамсыз. Егер ораза айт намазы, жұма
күнге сай келсе, ораза айт намазын өз уақытында,
жұма намазын өз уақытында оқиды. Ораза айт намазы,
жұма намазының орнына жүрмейді. Ораза айт нама-
зын алғашқы уақыты кіре салысымен емес, біраз уақыт
өткізіп оқу – мұстахап. Көпшілік пітір садақасын беріп
үлгерулері үшін бұл тиімді.
146
Шафии мазхабы бойынша әйелдер ораза айт намазын оқуға
міндетті. Әйелдерге бұл намаздымешітте де үйде де оқуларына
болады алайда жамағатпен мешітте оқулары абзал.
147
Қандай да бір үзір (айттың бірінші күні болғандығына күмәнді
күн, табиғи апаттар т.с.с.) себебімен айт намазын, айттың
бірінші күні оқылмаса, екінші күні оқиды. Алайда үзірсіз
екінші күнге кешіктірсе, екінші күні оқылған айт намазы
жарамсыз (Тухфатул фукаһа 1/166, Абдулхамид Тахмаз, фи
саубил жадид 1/324).