Previous Page  123 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 168 Next Page
Page Background

123

Ораза айт

мәрте тәкбір алады, әр тәкбірде (бірінші рәкаттағыдай)

қолды кіндік астына байламай екі жағына түсіреді.

Төртінші мәрте тәкбір айтып рукуғқа барады. Бұл

төртінші тәкбір, рукуғтың тәкбірі болып саналады. Ар-

тынша сәжде жасалады, соңғы отырыста «әт-Тахият»

пен салауат, дұға оқылып намаз тамамдалады.

Ораза айттың құтпасы

Ораза құтпасын оқу – сүннет. Намаздан кейін

имам мінберге шығып құтпа оқиды. Құтбада Аллаһқа

шүкіршілік пен мақтаулар, пітір садақасы жайлы

айтылғаннан кейін, «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар,

лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар

уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтады. Жамағат бұл

сөздерді имаммен бірге бәсең дауыспен қайталайды.

Имам ораза айт құтбасын жұма құтбасы секілді екіге

бөліп, арасында аз кідіріспен айтады.

Ораза айтта мешітке бара жатып іштей тәкбір ай-

тылады. Мешітке келгенде, намазға тұратын уақытқа

дейін жамағатпен тәкбір айтылады.

Ораза айт намазының сүннеттері

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Әбу Бәкірге:

«يا أبا بكر، إنّ لكلِّ قوم عيداً، وهذا عيدنا»

«Уа, Әбу Бәкір, барлық

қауымның мейрамы бар, бұл біздің мейрамымыз»

149

деп, ораз айттың мұсылмандардың мейрамы, қуанышты

күні екендігін білдірген.

Ораза айт күндері ерте тұрып, мешітке барардың

алдында жуынып, жақсы иіс-су себініп, ең жақсы

киімдерін киіп, мұсылман бауырларымен қуана

149

Фатхул барии 949