118
Ораза – теңдессіз құлшылық
бәрібір иғтикафты бұзады. Мәни шықса да, шықпаса
да, жыныстық қатынаспен қатар оған жол ашатын
әрекеттерді жасау (құшақтау, сүю) арқылы мәни ақса,
иғтикаф бұзылады. Қарап, ойлау нәтижесінде мәни
шықса немесе ихтилам (түс көру арқылы жүніп болу)
болса, иғтикаф бұзылмайды.
3. Иғтикаф кезінде бірнеше күн есінен талып не-
месе алжасып қалса, иғтикафы бұзылады. Жағдайы
түзелгеннен кейін иғтикафын қайта басынан бастайды.
Тағы бір ескерте кететін жайт, жұма намазы негізгі
қажеттілік. Жұма намазына бармау күнә. Жұма нама-
зын оқыған мешітте біраз уақыт аялдауға да рұқсат.
Алайда иғтикаф жасап жатқан жеріне ертерек қайтқаны
дұрыс. Өйткені иғтикафты бастаған жерде аяқтау ке-
рек. Ал зәру жағдайда ауысу қажеттілігі туса, мысалы,
иғтикаф жасап жатқан мешіті ескіріп құлағалы тұрса
немесе ол жерден күштеп шығарылса, басқа мешітке
барып аяқтауына рұқсат.
Иғтикафқа кірген адам мешітте ішіп-жейді, қажет
нәрсесін сатып ала алады. Мешітке қажетті заттарын
алып келе алады.
Бастап қойған уәжіп иғтикафты бұзған жағдайда
қазасын өтеу қажет. Ал нәпілде қаза қажет емес.
Иғтикаф жасап жатқан адам азан оқу үшін мешіттің
сыртына мұнараға шыға алады.