Previous Page  116 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 168 Next Page
Page Background

116

Ораза – теңдессіз құлшылық

иғтикафқа бекінген еркек үшін бекітілген шарттар-

ды орындау қажет. Әйел адамның, иғтикаф жасалып

жатқан ер кісілердің мешітіне кіруі – тәнзиһан мәкрүһ.

Иғтикафтың шарттары

Мұсылман болу. Мұсылман емес кісі иғтикаф жа-

сай алмайды. Өйткені иғтикаф иманға байланысты.

Ақылды немесе тәмииз

137

шағында болу;

Мешітте болу. Алайда ханафи мәзһабында әйелдер

үйінде намаз оқу үшін дайындалған жерде өтей алады.

Ниет ету. Иғтикафтың өзі арнайы құлшылық

болғандықтан ниет ету – шарт.

Ауыздың берік болуы. Нәзір (аталған) иғтикафқа

кіру үшін ауыздың берік болуы шарт. Өйткені

Пайғамбарымыз иғтикафқа міндетті түрде аузы берік

күйінде кірген. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

الَ اِعْتِكَافَ إِلاّ بِصَوْم

«Оразасыз иғтикаф жарамсыз»

138

, –

деген.

Нәпіл иғтикаф үшін ораза шарт емес.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

былай деді:

«иғтикаф жасаушыға ораза тұту міндет емес, тек ол

өзіне міндеттегенде ғана ораза тұту міндет болады».

Әйелдің ерінен рұқсат алуы. Егер күйеуі рұқсат

бермесе иғтикаф жасай алмайды.

Иғтикафтың әдептері

Иғтикафқа рамазан айының соңғы он күнінде және

мешіттердің ең абзалына кіру.

137

Ер мен әйелді ажырата білетін немесе саудада пайда мен

зиянды ажырата білетін жас

138

Әбу Дәуіт; Хадис Дарақұтни мен Байһақида Айша анамыздан

риуаят етілген. Бірақ хадис әлсіз (Зүһайли).