122
Ораза – теңдессіз құлшылық
Айт намазының оқылуы
Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Азан мен қамат ай-
тылмайды
148
. Айт намазының өзге намаздан ерекшелігі,
айт намазының әрбір рәкатында үш тәкбір айтыла-
ды. Бұл тәкбірлерді орындау – уәжіп. Бұл тәкбірлер
бірінші рәкатта қырағаттан бұрын, ал екінші рәкатта
қырағаттан кейін айтылады.
Бірінші рәкат: Имам намазды бастағанда, айт на-
мазына ниет етіп «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алғаннан
кейін, қолын кіндік астына байлап, «субханака»
дұғасын оқиды. Жамағат: «Айт намазын оқуға ниет
еттік, ұйыдық имамға», – деп ниет етеді де тәкбір алып,
қолдарын кіндік тұсына байлайды да «сүбханака»
дұғасын оқиды. Артынша имаммен бірге үш тәкбір
алады. Имам екі қолын құлақтың жұмсағына апарып
«Аллаһу әкбар» деп дауыстап бірінші тәкбірді алады
да, қолын кіндік астына байламай екі жағына түсіреді.
Жамағат артынша бәсең дауыспен имамның тәкбірін
қайталап, қолды құлақ жұмсағына апарып тәкпір алып,
имам секілді қолды байламай екі жанына түсіреді.
Осылайша екінші және үшінші тәкбір айтылады. Имам
үшінші тәкбірді айтқаннан кейін қолды байлап, іштей
«ағузу» мен «бисмиллаһты» оқиды. Сосын «Фатиха»
сүресі мен қысқа сүре немесе аяттардан дауыстап
оқиды. Артынша басқа намаздардағыдай рукуғ пен
сәжде жасалады.
Екінші рәкат: Имам мен жамағат екінші рәкатқа
тұрады, қол кіндік тұсына байланады. Имам «Фатиха»
сүресі мен қосымша бір сүре дауыстап оқиды (жамағат
үнсіз тұрады). Артынша бірінші рәкаттағы секілді үш
148
Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) айт намазына шыққанда
азансыз әрі қамат айтпасан намаз оқытты» (ән-Нәсәй)