Previous Page  124 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 168 Next Page
Page Background

124

Ораза – теңдессіз құлшылық

жолығып, қолынан келгенше садақа береді. Ибн Омар

ораза айт күні ғұсыл құйынып шығатын болған. Сайд

Ибн әл-Мусайб: «Ораза айттың үш сүннеті бар: намазға

жаяу бару, намазға бір нәрсе жеп шығу мен жуынып

шығу» деген.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ораза айт күні жуы-

натын. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

айт күні

киетін қызыл шапаны болатын. Сол күні өзінде иіс су

болмаса туыстарынан алып үйіне әдемі иіс себетін.

Мешітке барарда бір жолмен барса, қайтарда

басқа жолмен қайту сүннет. Жабирдің риуаят еткен

хадисінде: «Нәби

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Айт намазына

шыққанда бір жүрген жолымен қайта жүрмейтін»

150

делінген. Кейбір ғалымдардың айтуынша, сауабы мол

болсын, әрбір қадам сауаптан жазылсын деген ниетпен

ұзын жолмен мешітке барып, қысқа жолмен қайтуды

дұрыс санаған.

Ораза айтта мешітке бармай тұрып біреу, үшеу, бе-

сеу секілді тақ санда құрма жеп шығады. Әнастың (р.а.)

риуаят еткен хадисінде: «Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

оразаайтнамазынақұрмажемейіншебармайтын»

151

– делінген.

Айт түндерін құлшылықпен өткізу – мұстахап.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Кімде-кім ораза айт

түні мен құрбан айт түнінің сауабын Аллаһтан тілеп,

сол түнді құлшылықпен өткізсе, жүректер өлетін күні

оның жүрегі өлмейді»

152

– деген. Яғни оның жүрегі иман

нұрынан нәр алып тұрады. Ораза айт намазынан бұрын

немесе одан кейін үйіне келгенше нәпіл намаз оқуға

150

Бұхари, 986; Субулус-сәлам, 2/488

151

Бұхари риуят еткен. Насбур-райә, 2/208

152

Марақи әл-Фәлах, 1/89; Фәтхул-қадир, 1/423