126
Ораза – теңдессіз құлшылық
тәкбірлерін айтуға үлгермегендіктен, ол міндеттіліктен
түседі. Кейін имам намазын аяқтағаннан кейін қайта
тұрып бір рәкатын толықтырады. Сол кезде «Фатиха»
сүресі мен қосымша сүрені оқып, іштей үш тәкбірді
алып намазын аяқтайды
155
.
Үлгере алмай қалған жағдайда айт намазының
қазасы өтелмейді. Қаласа төрт рәкаттан тұратын «Дұха»
намазын оқиды.
155
Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,
Бейрут, 1998 ж. 327-б. Рәддул-Мұхтар, 1/560