127
Оразаның түрлері
Ораза
парыз, уәжіп
,
нәпіл
және
мәкруһ
болып
төртке бөлінеді.
1. Парыз оразалар
Парыз оразаға рамазан айындағы ораза мен
олардың қазасы; рамазан айындағы оразаны бұзғаны
үшін ұсталатын кәффарат ораза; зиһар; байқаусызда
адам өлтіріп қою; қажылық кезінде мезгілінен бұрын
шашын қысқарту, әтір себіну, аң аулау, тігілген киім
кию; нәзір (ант ішкен жағдайда) ұстайтын кәффарат
оразалар жатады.
Рамазан айындағы ораза мен оның
қазасы
Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Парыз ораза-
ны бұзған адам әр күнгі оразасының қазасын рамазан
айынан тыс уақытта қазасын өтеуі керек.
Рамазан айында жолаушы болғандар, ауруының
күшеюінен қорыққандар (бұл сырқат кісінің тәжірибесі
арқылы түюі немесе сенімді мұсылман дәрігердің
кеңесі бойынша анықталады); әйелдер өздеріне тән
етеккір мен нифасқа байланысты ораза ұстамаса неме-
се бұзса, сол ұстамаған күндердің қазасын өтеуі парыз
болып табылады. Мұның үкімі Құран кәрімдеَ
أَيَاماً مَعْدُودَاتٍ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضاً أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَةٌ مِنْ أَيَامٍ أُخَر