Previous Page  128 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 168 Next Page
Page Background

128

Ораза – теңдессіз құлшылық

«Ораза санаулы күндерге тән. Кімде кім дерт-

ке шалдықса, яки жолаушы болса, басқа күндері

өтесін»

156

,

деу арқылы бекітілген.

Өткен рамазан айынан қарызы болып, келесі ораза

айы басталып қойған болса, қарызын кейінге қалдырып,

уақытымен басталып қойған оразаны ұстайды. Өйткені

қарызды рамазаннан басқа кезде ұстауына мүмкіндік

бар.

Сапар немесе сырқатына байланысты рамазан ора-

засын ұстай алмаған кісі олардың қазасын ұстайтындай

мүмкіндік тумастан жан тәсілім етсе, мойнында ораза

борышы жоқ күйінде көз жұмған боп саналады. Ар-

тынан қалған мұрагерлерінің оның дүниесінен фидия

берулері қажет емес. Бірақ көз жұмбастан бұрын фидия

беруді өсиет етіп кетсе, онда өсиетті артынан қалған ту-

ыстары орындаулары керек.

Жолаушылық немесе сырқаты себепті рамазан

айында ораза ұстай алмағандар, қарызға қалып кет-

кен оразаларын түгелдей немесе бір бөлігін ұстауға

мүмкіндік туғанына қарамастан оны ұстамай хал

үстінде жатса, артында қалған дүние-мүлкінің үштен

бірінен қарызға қалған әр бір күні үшін фидия төлеуді

өсиет етуі қажет. Бұл фидия кедейлерге тарқатылады.

Сонымен қатар себепсізден-себепсіз рамазан айын-

да ораза ұстамағандар ол оразаны ұстау мүмкіндігі

туса да, тумаса да, көз жұмбастан бұрын мал-мүлкінің

үштен бірінен фидия беруді өсиет етіп кетуі – уәжіп.

Өсиет қалдырмаған жағдайда мұрагерлерінің фидия

төлеуі уәжіп емес. Бірақ қаласа өз ақшаларынан садақа

ретінде әке-шешесінің атынан таратуларына да жол

ашық. Өмірден озған кісілердің артында мұрагерлері

болсын, болмасын, өлген кісінің атынан ораза ұстай

156

«Бақара» сүресі, 184-аят.