119
Ораза айт
«Айт» сөзі араб тілінен алынған, «қайту, оралу, мей-
рам, қуанышты күн»
140
деген мағыналарды білдіреді.
Ибн Араби: айт (оралу) деп аталу себебі, жыл сайын
жаңа қуанышпен қайта келіп отырғандығынан» дейді.
Қуанышты сәт саналатыны – отыз күн оразадан кейінгі
ауыз ашу мейрамы.
Айт намаздары һижреттің алғашқы жылында
шариғатқа енді. Бұған дәлел Әнастың (р.а.) жеткізген
хадисінде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдина
қаласына келгенде, жергілікті халық жылына екі күн
ойын-сауық құратын. Сонда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
: «Бұл қандай екі күн?» – деп сұрайды. Олар: «Бұл
жаһилия кезеңінде ойын-сауық құратын күндер еді»,
– деп жауап береді. Артынша Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: – Аллаһ тағала бұл екі күндеріңді одан да
қайырлы екі күнге алмастырды. Олар: «Құрбан айт
пен ораза айт»
141
, – деп, мұсылмандардың екі мейрам
күндерін белгілеген.
Ораза айт намазының үкімі
Әбу Ханифа мәзһабында ораза айт намазы әрбір
мұсылманға (жұма оқу кімге парыз болса, сол адамға
айт намазын оқу) – уәжіп. Уәжіп болуының басты
140
Лисанул Араб 3/319
141
Мүснәд Ахмед, 3/103; Сүнән Әбу Дәуіт, Китабус-салә, баб
айдайн.