Previous Page  111 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 168 Next Page
Page Background

111

Пітір садақа

Пітір садақа кімдерге берілмейді?

Байлар; пітір садақасын беруге міндетті болған

кісінің әйелі; әке-шешесі, ата-әжесі және одан жоғарғы

тектері; балалары мен немерелері, шөберелері және

одан төменгі ұрпақтары; бағып отырған жақын туыста-

ры.

Бір пітір садақаны бір немесе бірнеше кедейге

бөліп беруге болады. Алайда бірнеше кедейге бөліп

беру мәкрүһ

135

. Өйткені бір пітір садақасы бірнеше

кедейдің мұң-мұқтаждықтарын өтей алмайды. Пітір

садақадағы мақсат – кедейлердің мұң-мұқтаждығын

өтеу. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Осындай

күнде кембағалдарды садақа сұрауға мұқтаж етпеңдер»

деген.

Ораза тұтпаған жан пітір

садақасын бере ме?

Ораза өз алдына парыз. Ал пітір де жеке уәжіп.

Сондықтан ораза тұтсын немесе қандай да бір себеп-

пен (ауру, қарт, жолаушы т.б.) тұтпаса да, егер байлығы

нисап мөлшеріне жетіп тұрса, пітір садақасын беруі

міндет.

Отағасы әйелі және әке-шешесі үшін пітір

садақа беруге болады ма?

Нисап мөлшеріне ие болған отағасы, өзінің әйелі,

ержеткен немесе бойжеткен ақыл-есі бүтін балалары,

әке-шешесі және жақын туыстары үшін пітір садақа бе-

руге міндетті емес. Тіпті бұлар қамқорлығында болса

да. Егер бұларға өкіл ретінде пітір садақа берсе, пітір

садақасы жарамды саналады. Олардың мойнынан

135

Макруһ танзиһан – халалға жақын макруһ.