107
Пітір садақа
қалғандарыныңбір сағданберілу өлшемі, қандайжағдай
болмасын өзгермейді. Өйткені Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
кезеңінде Мадина қаласында бидай
тапшы еді. Бидай басқа дәнді дақылдардың құнынан
екі есе қымбат болатын. Кейіннен Мекке қаласы
мұсылмандардын қарауына өткеннен кейін, бидай
көбейді, бірақ бидайдың өлшемі сол күйі қалды яғни
бидайдан берілетін пітір садақа жарты сағ болса, арпа,
құрма, мейіз секілді дәнді дақылдардан бір сағ берілді.
Тіпті Мұғауияның халифалығы кезеңінде де пітір
садақа осылай өлшенді. Бірде Мұғауия Шам қаласынан
Меккеге қажылыққа келгенде, мінберге шығып: «жар-
ты сағ бидай, бір сағ құрмаға тең»
124
деп оның өлшемі
өзгермегендігін айтқан. Олай болса пітір садақасы
дәнді дақылдардан мынадай өлшеммен беріледі:
1. Бидай мен бидай ұнының уәжіп болған мөлшері:
жарты сағ немесе осылардың құнын ақшалай береді.
2. Арпаны және арпаның ұны, кептірілген құрма
мен жүзімнен бір сағ немесе осылардың құнын ақшалай
береді.
Осы айтылған тағамдардың бағасы жергілікті
базардағы нарықпен есептеледі. Пітір садақасын осы
тағамдардың кез келген біреуінен немесе оның құнынан
беруге болады. Өйткені кедейге тағамнан басқа
нәрселер де қажет болуы мүмкін. Құнын алу арқылы
қажетіне еркін қолдана алады. Сондықтан Ханафи
мәзһабының ғалымдары: «молшылық пен кеңшілік
уақытында садақа пітірді дәнді дақылдармен емес
оның құнын берген абзал. Ал таршылық пен аштық
дақылдардан және құрма мен мейізден бір сағ мөлшерде
беріледі. Алайда пітір садақа беруші жергілікті жерінің ең
көп қолданыста (сауда саттық секілді айналымда) болған
тағамдарынан берілуі керек» деген.
124
Бухари, Зекет 76