Previous Page  102 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 168 Next Page
Page Background

102

Ораза – теңдессіз құлшылық

اللّغْوِ، وَ الرّفَثِ وَطُعْمَةً لِلْمَسَاكِينِ، فَمَنْ أَدّاهَا قَبْلَ الصّلاةِ، فَهِيَ زَكَاةٌ، وَ

مَنْ أَدّاهَا بَعْدَ الصّلاةِ، فَهِيَ صَدَقَةٌ

«Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ораза ұстаған

адамды тазартатын пітір садақасын беруді міндеттеді.

Пітір беру ораза ұстаған адамды жағымсыз іс-

әрекеттерінен туындаған күнәларынан тазартады. Әрі

кембағалдар үшін бойына күш-қуат береді. Кімде-кім

пітір садақасын намаздан (айт намазы) бұрын берсе,

онда зекеті (пітір садақасы) қабыл болады. Ал намаздан

кейін берсе, жай садақаның үкіміне жатады»

113

Яғни, ораза ұстаған адам кейбір дүниелік істерге

бола көңілге келетін жаман сөздер айтып, жағымсыз

әрекеттерге барып басқаларды ренжітіп қоюы мүмкін.

Мұндай істер оразаны бұзбаса да оразаның сауабын

кемітіп, ораза ұстаушының көңіліне күдік салады. Пітір

садақасы осындай күдіктен айықтырып, кемшілігінің

орнын толтырады.

Пітір садақаның пайдалары

Қате-кемшіліктерді толықтырады. Ораза ай-

ында тілімен, ойымен, көзімен істеп қойған қате

кемшіліктерді өшіреді. Осылайша оразада жасалған

кейбір кемшіліктерден тазарып, ақыретте оразаның

толық сауабын алуына пітір садақасы себеп бола-

ды. Уақиғ ибн Жарраһ: «Пітір садақа-сәһу сәждесі

сияқты, яғни сәһу сәжде намаздың жаңылысқан жерін

толықтыратын болса, пітір садақа, тұтқан оразаның

113

Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә,