98
Ораза – теңдессіз құлшылық
– Соңғы он күннің жетеуі өткенде (27-і) немесе
жетеуі қалғанда (23-і), – дейді. Омар:
– Сен мұны қайдан білдің? – деді. Ибн Аббас:
– Аллаһ тағала аспанды жеті қабат етіп жарат-
ты, жерді де жеті қабат жаратты, жеті күнді жаратты,
ғасыр жетіде айналады, адам жетіден жаратылды, жеті
нәрсені жейді, жеті ағзасымен сәжде етеді. Тауап жа-
сау жеті, тас лақтыру жеті. Содан білдім, – дейді. Сонда
Омар:
– Сен біз білмегенді білген екенсің, – дейді.
Жалпы алғанда бұл хадистер рамазан айының соңғы
он күнінде, оның ішінде тақ санды күндерде, тіпті айдың
жиырма жетісінде делінген. Бұл да пенденің Аллаһтың
разылығына жеткізетін істерді істеуге, түндерді іздеуге
қызықтырады. Алайда мұсылманның тек осы күні
ғана сауапты істерді істеп басқа күндерді босқа өткізу
жеткілікті деуге болмайды. Сол үшін де бұл түнді жа-
сырып қойған. Сондықтан мұсылман барлық күндерін
осы қадір түні секілді біліп, маңызды санап, дұға-
тілекпен, құлшылықпен өткізсе, қадір түніне де дөп ба-
суы мүмкін. Ата-бабаларымыз «әр келгенді Қыдыр біл,
әр түніңді қадір біл» дегеніне сай рамазанның барлық
түнін ғибадатпен өткізсек, қадір түнін өткізіп алмас
едік.
Қадір түнінің белгісі
Әбу ибн Кағб Аллаһ елшісінен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қадір түнінің белгілері жайлы мынадай деректер
жеткізген:
Ол түн тыныш болады. Қатты ыстық я қатты салқын
да емес. Аллаһ тағала кейбір адамдарға түсінде немесе
өңінде білдіреді. Сол түннің нұрлы екенін көреді. Кей-