Previous Page  93 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 168 Next Page
Page Background

93

Қадір түні

тағала саған одан да артық таң қалдыратын сүре

түсірді, – деді де, «Қадір» сүресін оқып, – міне, бұл

сенің үмбетіңнің өзгелерге таңырқауынан әлде қайда

жақсы» деді. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұған

қатты қуанды» – деген.

Қадір түнінің маңыздылығы

Рамазан айы келгенде пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

: «

Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір

түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса,

барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам

ғана оның сауабынан құр қалады

»

96

, – деп жақсылыққа

ұмтылуға шақырған.

Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды уақыт

– қадір түні. Ал ең қорқынышты түн адамның қабірде

болатын түні. Қадір түнін құлшылықпен өткізу қабірдің

жап-жарық болып нұрлануына жол ашады.

1. Құран – қадір түнінде түскен.

Құранда осы қасиетті кітаптың рамазан айында

түскендігі жайлы былай делінген:

ِشَهْرُ رَمَضَانَ الّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى

وَالْفُرْقَان

«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ

пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы

ретінде Құран түсіріле бастаған ай»

97

.

Алрамазанайының ішіндегі қадіртүніндеҚұранның

түскендігі жайында «қадір» сүресінің бірінші аятында

96

Ибн Мәжә, Сиам 1634

97

«Бақара» сүресі, 185-аят.