Previous Page  91 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 168 Next Page
Page Background

91

Қадір түні

Аллаһ тағала мұсылман үмбетіне бұрынғы

үмбеттерге қарағанда көп жеңілдіктерді берген. Мыса-

лы, бұрынғы үмбеттерде арнайы құлшылыққа арналған

орында ғана ғибадат жасалса, мұсылмандарға барлық

жер мешіт саналып, қалаған жерінде құлшылық жа-

сау еркіндігі берілді. Бұрынғы үмбеттерде соғыстан

тапқан олжа харам саналды, ал пайғамбарымызға

соғыстан түскен олжа адал етілді. Қасиетті Қадір түні

де мұсылмандарға ғана тән. Қадір түнінің ерекшелігі

ретінде бұл түні орындалған құлшылықтың жай

уақыттардағы мың айлық ғибадатқа тең келетіндігін

айтуға болады.

Қадір түні деп аталу себебі

1. Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені арап тіліндегі

لَيلَةُ«

»القَدر

сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» де-

ген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден

орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған

жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «қадір түні»

деп аталған.

2. Бұл түнде жаратылыстардың тағдыры белгіленіп,

келесі қадір түніне дейінгі болатын (адамдардың рызық

несібелері, өмір өлшемдері секілді) маңызды оқиғалар

Алла тағала тарапынан періштелеріне аян болады.