Previous Page  89 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 168 Next Page
Page Background

89

Тарауих намазы

рәкаттан кейін ара отырысын жасау керек. Ал сегіз, он

немесе жиырма рәкатты тоқтамастан бірден оқып, әр

екі рәкатта отырыс жасаса бұл оқыған тарауих намазы

да дұрыс саналады.

Мешіт жамағаты құптан намазын оқып, тарауих

намазын бастаған болса, кешігіп келген кісі алдымен

құптан намазын оқиды, содан кейін имаммен бірге та-

рауих намазына қосылады.

Тарауихқа кешігіп имамға ұйыған адам тарауих

біткеннен кейін қалған рәкат санын толықтырып оқи

алады. Арадағы үтір намазын өзі жеке оқиды. Имаммен

бірге үтір намазын да оқып, одан кейін қалған тарауих

намазын оқуына да ханафи мәзһабында рұқсат бар.

Ораза ұстамауға рұқсат берілген үзірі бар адамдарға

(мысалы, жолаушы, науқас) тарауих намазын оқу –

сүннет. Өйткені тарауих намазы ораза тұтушының емес,

ораза айының арнайы құлшылығы. Сондықтан ораза

айы кірісімен әрбір адамға тарауих намазы бекітілген

сүннет үкімінде.

Ақшамнан кейін хайыз немесе нифастан тазарған

мұсылман әйелге немесе Ислам дініне кірген адамға

сол кеште тарауих намазын оқу бекітілген сүннет.

Егер уақытында тарауих намазын оқи алмай қалса,

қазасы өтелмейді. Қазасын өтеген жағдайда нәпіл намаз

оқыған болып саналады, тарауихқа жатпайды. Өйткені

қаза парыз бен уәжіп намаздарға ғана тән. Ал тарауих

намазы бекітілген сүннет.