94
Ораза – теңдессіз құлшылық
былай делінген:
إِنّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ
«
Шынымен де Біз
Құранды Қадір түні түсірдік
».
2. Жәбірейіл және басқа да періштелер түсетін түн.
تَنَزّلُ الْمَالَئِكَةُ وَالرّوحُ فِيهَا بِإِذْن رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ
«Сол түнде Алланың әмірімен барлық істі реттеу
үшін (аспаннан) періштелер және Рух (Жәбірейіл)
түседі»
98
.
Бұл түні періштелер түсіп, жер бетінде береке ор-
найды, Аллаһтың кешірімі нәсіп болады. Періштелердің
жер бетіне түсуі, қадір түнінің маңыздылығын білдіреді.
Сол түні періштелердің көп болатыны мына хадисте
білдірілген:
«Қадір түні рамазан айының жиырма жетінші не-
месе жиырма тоғызыншы түніне сай келеді. Бұл түні
жерге түсетін періштелердің саны жер бетіндегі майда
тастардан да көп болады»
99
.
Періштелер мұсылман үмбетін аралап, қандай
ғибадат жасағандарын, таң намазына дейінгі дұға-
тілектерін тыңдап, амал дәптерлеріне мол сауап жазып
тұрады. Жамандық азаятын, құлшылық пен игі істер
көбейетін түн.
3. Тыныштық пен есендікке бөленетін, тозақ азабы-
нан құтылатын түн.
سَالَمٌ هِيَ حَتّى مَطْلَعِ الْفَجْر
«Бұл түнде таң атқанша (Алла тағаланың)
сәлемі жалғасады»
100
– делінген.
98
«Қадір» сүресі 4-аят
99
Ахмад 10316
100
«Қадір» сүресі 5-аят