95
Қадір түні
4. Мың айдан қайырлы.
لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر
«Қадір
түні мың айдан қайырлы»
101
.
Қадір түні мың айдан артық. Есептесек, мың ай
дегеніміз 83 жыл 4 айлық уақыт екен. Демек, Қадір
түніндегі құлшылығымыз 83 жылдық ғибадаттың сау-
абына тең болмақ. 95 жылдық адам өмірін алсақ, оның
15 жылы балиғат жасы болып саналады, сонда толық
80 жыл өмір сүргені. Ендеше, адам өмірінде бір қадір
түніне дөп келу, бүкіл өмірін құлшылықпен өткізгендей
сауапқа кенелтеді.
5. Қате, кемшіліктер, күнәлар кешіріледі. Хадис
шәріпте: ِ
مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدّمَ مِنْ ذَنْبِه
«Кімде-кім қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла
тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның
өткен күнәлары кешіріледі»
102
, – делінген.
6. Қадір түні берекелі түн. Құранда Аллаһ тағала: ٍ
إِنّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مّبَارَكَة
«Біз Құранды берекелі түнде түсірдік»
103
, – дейді.
«Қадір» сүресі
«Қадр» сүресі пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мекке кезеңінде түскен. Бұл сүре бес аяттан тұрады.
Онда:
إِنّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ {1} وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ {2} لَيْلَةُ الْقَدْرِ
خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ {3} تَنَزّلُ الْمَالَئِكَةُ وَالرّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ
101
«Қадір» сүресі 3-аят
102
Бухари, Муслим,
103
Духан сүресі 3-аят.