Previous Page  96 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 168 Next Page
Page Background

96

Ораза – теңдессіз құлшылық

أَمْرٍ {4} سَالَمٌ هِيَ حَتّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ {5}

«Шын мәніне Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік.

Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың ай-

дан артық. Ол түні Алланың әмірімен барлық істі рет-

теу үшін періштелер және Рух (Жәбірейіл періште)

түседі. Бұл түнде таң атқанша (Алла тағаланың) сәлемі

жалғасады», – делінген.

Қадір түні рамазанның қай түніне

тура келеді?

Аллаһ тағала бұл өмірді сынақ ретінде жаратқан.

Сондықтан да өмір ішіне өлімді, адамдар арасына әулие

құлдарын, дұғаның қабыл болатын сәтін жұма күнінің

белгілі бір уақытына жасырған. Осы ретпен рамазан

айының қай түні қадір түні екенін де ашық білдірмеген.

Қадір түнінің нақты қай түн екенін тек

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ғана білген. Алайда

әр істі белгілі бір хикметпен жарататын Аллаһ тағала

пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оны ұмыттырған.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللُّ عَنْهُ أَنّ رَسُولَ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ قَالَ

: أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ ثُمّ أَيْقَظَنِي بَعْضُ أَهْلِي فَنُسِّيتُهَا فَالْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ

الْغَوَابِرِ

Әбу Хұрайрадан жеткен хадисте Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Түсімде қадір түні маған білдірілді. Бірақ

жақындарымның біреуі мені оятқанда, жаңағы уақытты

сол мезет ұмытып қалдым. Оны рамазанның соңғы он

күнінің ішінен іздеңдер»

104

деген.

104

Муслим, Сиам, «лаулатул қадр» 1992