92
Ораза – теңдессіз құлшылық
«Қадір» сүресінің түсу себебі
Бұл сүренің түсуіне байланысты түрлі пікірлер бар.
1. ИмамМалик былайдейді: «Менбілімді әрі сенімді
бір кісінің аузынан естідім: «Аллаһ елшісіне
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
өзінен бұрынғы үмбеттердің өмірі көрсетілгенде,
өзге үмбеттердің өмірі ұзақ, ал мұсылман үмбетінің
өмірі қысқа, амалы да бұрынғыларға жетпейтінін көрді.
Осыдан барып Аллаһ тағала мың айдан қайырлы «қадір
түнін» берді»
95
дейді.
Яғни,
мұсылман
үмбетінің
өмірі
қысқа
болғандықтан, сауабы мен қасиеті жағынан мың ай-
дан қайырлы қадір түніне ие болған. Нәтижесінде көп
өмір сүрмесе де көп өмір сүргендердің сауабындай мол
сауапқа кенелмек.
2. Бірде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Исрайл
ұрпақтарынан мың ай бойы құлшылық жасаған бір
адам туралы естігенде:
“Уа, Раббым, басқа пайғамбарлардың үмбетінің
өмір жасын ұзақ, амалдарын көп еттің. Ал менің
үмбетімнің ғұмыры қысқа, амалы кем”, – деп мұңаяды.
Осы оқиғадан соң Аллаһ тағала «Қадір» сүресін
түсіріп, ол түнде жасалған құлшылықтың мың айлық
құлшылықтан да қайырлы екенін білдірді.
3. Али ибн Уруадан Ибн Хатим жеткізген хадисте:
«Бір күні Исрайл ұлдарынан төрт кісі 80 жыл
бойы Аллаһқа құлшылық етіп, бір сәт болсын күнә
істемегендігін пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтқанда сахабалар таң қалады. Сосын Жәбірейіл
періште келіп: «Уа, Мұхаммед, үмбетің ол төрт
адамның 80 жылдық құлшылығына таң қалды. Аллаһ
95
Муатта 1/207