87
Тарауих намазы
Ханафи мәзһабында тарауих намазының жиыр-
ма рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Сарахси:
«Тарауих намазы – үтірді қоспағанда жиырма рәкат»,
– десе, Кәсани: «Ал тарауих намазының мөлшері – он
сәлемнен тұратын жиырма рәкат, бес таруиха. Бір та-
руиха екі сәлемнен тұрады. Намаздың рәкатына бай-
ланысты бұл көзқарас жалпы ғұламалардың таңдауы»,
– деген. Ибн Абидин де тарауих намазының жиырма
рәкаттан тұратынын әрі көпшілік ғұламалардың осы
көзқараста екенін, тіпті Ислам үмбетінің батысы да,
шығысы да осыны іс жүзінде ұстанатынын білдірген.
Омардың (р.а.) халифалық дәуірінде отыз күн ора-
зада тарауих намазын мешітте, жамағатпен оқу бір
жүйеге келтіріліп, жиырма рәкат ретінде бекітілді. Осы-
лайша Османның (р.а.), Алидің (р.а.) кезеңінде де жир-
ма рәкат болып жалғасып жатты. Сол күннен бүгінге
дейін мұсылман үмбетінің шығысы мен батысы, яғни
ханафи мәзһабын ұстанушы көпшілік мұсылмандар
оны жиырма рәкат етіп оқып келеді.
Тарауих намазының уақыты
Тарауих намазы Рамазан айы бойы құптан нама-
зынан кейін таң намазының уақыты кіргенге дейінгі
аралықта, үтір намазынан бұрын оқылады. Хана-
фи мәзһабында үтірден кейін де оқуға болатындығы
айтылған. Үтір намазын жамағатпен оқығанда имам да
оған ұюшы да құныт дұғасын іштен оқиды. Тарауих на-
мазын түннің үштен біріне кешіктіріп оқу – мұстахап.
Тарауих намазының оқылуы
Тарауих намазын екі рәкаттан оқығанда, ақшам
намазының екі рәкат сүннеті секілді оқылады, тек